Басты жаңалықтар
Астанада жазушы Жолтай Әлмашұлының кітаптары таныстырылды

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында танымал жазушы, драматург Жолтай Әлмашұлының «Олигарх қазақ», «Көктүрік сарыны» және «Клятва любви» атты жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Әдеби кешке жиналған зиялы қауым өкілдері қаламгер шығармашылығының мазмұны мен оның қазіргі қазақ әдебиетіндегі маңызын талқылады.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, жазушылар, әдебиеттанушылар мен оқырмандар қатысты.Кездесуде қаламгер туындылардың жазылу тарихы мен идеялық бағыты туралы айтып берді.
Жазушыға ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хаты табысталды.Жиынға қатысушылар автор шығармашылығының ерекшеліктеріне тоқталып, туындыларға қатысты ой-пікірін білдірді.



