Басты жаңалықтар
Шардарада мектеп түлектері мұқтаж отбасыға баспана сыйлады

Шардара ауданына қарасты Қоссейіт ауылдық округінде «Сырдария» жалпы орта мектебінің 2006 жылғы түлектері көпбалалы әрі баспанаға мұқтаж отбасыға жаңа үй тарту етті, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков сөз сөйлеп, игі бастама көтерген азаматтарға шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының атқарушы хатшысы Бауыржан Шомпиев те жүрекжарды лебізін жеткізді. Шара аясында түлектер ауыл тұрғындарына ауызашар беріп, көпшілікпен бірге дастархан басында жүздесті. Кеш соңында ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, елге амандық, жұртқа тыныштық тіледі.



