АқордаБасты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа Конституция – егемендіктің берік тірегі»

Қазақстанда өткен жалпыұлттық референдумның алдын ала қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жасады. Президент саяси науқанның ашық, әділ және демократиялық нормаларға сай өткенін атап өтті,деп хабарлайды turkistanlife.kz

«Қазмедиа орталығында» өткен экзит-полл нәтижелерімен танысқаннан кейін, Президент референдумның ел тарихындағы маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, дауыс берушілердің рекордтық көрсеткіші қазақстандықтардың Отан тағдырына деген жоғары жауапкершілігін көрсетті. Әсіресе, жастардың белсенділігі мен қоғамның саяси мәдениетінің өскені ерекше аталды.

Мемлекет басшысы жаңарған Ата заңды Әділетті Қазақстанды құру жолындағы басты темірқазық деп атады.

«Жаңа Конституция – Тәуелсіздік пен егемендік тірегі, адам құқығы мен бостандығының мызғымас кепілі. Біз заң мен тәртіп сақталатын, жауапты қоғам құру жолында маңызды қадам жасадық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент референдум өткен күнді – 15 наурызды – елдегі басты мерекелердің бірі ретінде атап өтуді ұсынды. Бұл күн халықтың жаңару мен жаңғыру жолындағы тарихи таңдауының символы болмақ. Мемлекет басшысы алда ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанын айтып, барша азаматтарды ортақ мүдде жолында бірлесе еңбек етуге шақырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button