Басты жаңалықтар

Кентаулық студент Венгрияда өткен халықаралық байқаудың қола жүлдегері атанды

Түркістан облысы, Кентау көпсалалы колледжінің студенті Ақмарал Рысхан Венгрия астанасында өткен халықаралық кәсіби шеберлік байқауында қола жүлде иеленді. «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығының 2-курс студенті «Кескіндеме және сәндік жұмыстар» бағыты бойынша III орынға табан тіреді , деп хабарлайды turkistanlife.kz

Будапешт қаласында ұйымдастырылған халықаралық достық кездесу форматындағы жарысқа Қазақстанмен қатар Венгрия, Италия, Чехия және Ұлыбритания елдерінің өкілдері қатысты. Сынға түскен үміткерлер кескіндеме өнері мен сәндік жұмыстардағы кәсіби дайындық деңгейлерін сарапқа салды. Ақмарал Рысхан тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімі мен практикалық шеберлігін ұштастырып, сарапшылардың жоғары бағасын алды.

Айта кетейік, кентаулық студент бұған дейін де бірқатар айтулы додаларда жеңімпаз атанған:

«WorldSkills Kazakhstan – 2025» республикалық чемпионатының алтын медаль иегері;

«RegionSkills 2024-2025» өңірлік жарыстарының жеңімпазы;

Облыстық чемпионаттың I орын иегері.

«Ақмарал берілген тапсырмаларды сапалы әрі белгіленген уақытта орындап, өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді. Бұл – еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру деңгейінің халықаралық стандарттарға сай екендігінің көрінісі», – дейді мамандар.

Қазіргі уақытта жас талант алдағы үлкен сын — «WorldSkills Shanghai – 2026» халықаралық чемпионатына қызу дайындық үстінде. Бұл жаһандық додада ол Қазақстан намысын әлемдік деңгейде қорғамақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button