Басты жаңалықтар

Түркістан облысында референдум учаскелеріне алғаш келген азаматтарға сыйлықтар табысталды

Түркістан облысында республикалық референдумға дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталды, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Өңірдегі бірқатар референдум учаскелеріне алғаш болып келген азаматтарға арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл бастама тұрғындарды ел тағдырына бейжай қарамай, азаматтық белсенділік танытуға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған.

Ерте келген тұрғындар өз таңдауларын жасап, саяси науқанға белсенді қатысып жатқандарын жеткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар халықтың референдумға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Жалпы, Түркістан облысында мыңға жуық референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңір тұрғындарының дауыс беруі үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Сонымен қатар, республикалық референдумды ұйымдастыруға облыс бойынша жалпы саны 6 380 комиссия мүшесі тартылған. Оның ішінде 1 облыстық комиссияда – 7 мүше, 17 аумақтық комиссияда – 119 мүше және 948 учаскелік референдум комиссиясында – 6 254 мүше қызмет атқаруда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button