Түркістан облысы әкімінің орынбасары дауыс берді

Түркістан облысында республикалық референдум қарқынды өтуде. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өзінің азаматтық таңдауын жасау үшін сайлау учаскесіне қыздарымен бірге келіп, дауыс берді, деп хабарлайды turkistanlife.kz
Ертай Алтаев отбасымен бірге дауыс беру арқылы ел болашағы үшін маңызды сәтте бірлік пен жауапкершілік танытудың маңыздылығын көрсетті.
Айта кетейік, бүгін таңғы сағат 07:00-ден бастап Түркістан облысы бойынша жалпы 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Барлық нысандар қажетті құрал-жабдықтармен және материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ, учаскелерде азаматтарды хабардар ету мақсатында референдум заңының мәтіндері, ережелерді түсіндіретін брошюралар мен ақпараттық парақтар жеткілікті мөлшерде таратылды.



