Басты жаңалықтар

Референдум күні: Сарыағашта суретшілер байқауы өткізілді

Сарыағаш ауданындағы №653 дауыс беру учаскесінде республикалық референдум аясында суретшілер байқауы ұйымдастырылды,деп хабарлайды turkistanlife.kz

Шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының маңызын дәріптеу және жастардың патриоттық рухын арттыру.

Байқауға қатысқан суретшілер мемлекеттік рәміздерді бейнелейтін түрлі көркем туындыларын ұсынды. Дауыс беруге келген тұрғындар көрмені тамашалап, ерекше әсер алды. Ұйымдастырушылар байқау жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, шара барысында жастарға патриоттық тақырыптағы шеберлік сабақтары өткізілді.

Сарыағаш ауданында 82 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп, таңғы сағат 07:00-де Мемлекеттік Әнұранмен салтанатты түрде ашылды. Аудан тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өз таңдауын жасап жатыр. Мұндай мәдени-ағартушылық іс-шаралар жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, патриоттық сезімдерін күшейтуге және қоғамдық бірлікті нығайтуға ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button