Басты жаңалықтар

Қазығұртта 100 жастан асқан ақсақал референдумда дауыс берді

Қазығұрт ауданының Қарабау ауылындағы №293 учаскеде 100 жастан асқан Халық Әрипов өз таңдауын жасап, жиналған көпшілікке ақ батасын беріп, елдің бірлігі мен тыныштығын тіледі, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Сондай-ақ, елдің болашағы жарқын болып, ұрпақтар сабақтастығы жалғаса берсін деген ізгі тілегін білдірді. Көпшілік қарияның белсенділігіне ризашылықтарын білдіріп, оны кейінгі буынға өнеге екенін атап өтті.

Бүгін Қазығұрт ауданы аумағындағы барлық референдум учаскелері таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Қазығұрттықтар науқанның маңызын сезіне отырып, өз таңдауларын жасауда. Аудан бойынша дауыс беруге құқылы азаматтардың жалпы саны 64 473 адамды құрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button