АқордаБасты жаңалықтар

Қазақстандағы келесі президент сайлауы 2029 жылы өтеді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасы бойынша өткен референдумға қатысқаннан кейін БАҚ өкілдеріне берген мәлімдемесінде айтты,деп хабарлайды turkistanlife.kz

Вице-Президент лауазымы туралы әртүрлі әңгіме айтылып жүргенін білемін. Шын мәнінде, бірқатар шет мемлекетте Вице-Президент лауазымы бар. Кейбір сарапшылар «Қазақстанда билік ішінде бәсеке өршіп, түрлі үрдістер жүреді, елге зиян келеді» деген пікір білдіруде. Бұл мәселеде қоғамға зардап келетіндей қорқыныш жоқ. Вице-Президент лауазымы біздің билік институттарын нығайтады. Келешекте бәрі айқын болады. Мемлекет басшысы ретінде бұл лауазымға, жалпы бүкіл реформаға үлкен үміт артып отырмын. Ал Президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мерзімінде өтеді”, – деді Тоқаев.

Президенттің сөзінше, сайлау науқаны қолданыстағы заңнамада көрсетілген мерзімдерге сәйкес өткізіледі.
Тоқаев бұл мәселеге қатысты ешқандай өзгеріс жоспарланбайтынын, ал сайлау Конституция талаптарына толық сәйкес өтетінін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button