Басты жаңалықтар

МАҚТААРАЛ: ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МЕН ӘСКЕРИЛЕР РЕФЕРЕНДУМДА ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

Мақтаарал ауданында құқық қорғау органдарының, төтенше жағдайлар бөлімінің және әскери бөлім қызметкерлері республикалық референдумда жоғары белсенділік танытуда. Ел қауіпсіздігін күзеткен сала мамандары бүгін саяси науқанда да алдыңғы шептен көрінді, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Бүгін, республикалық референдум күні Мақтаарал ауданындағы дауыс беру учаскелерінде халықтың қарасы қалың. Соның ішінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында қызмет атқарып жүрген мамандар өздерінің азаматтық жауапкершіліктерін паш етті.

Сала өкілдерінің айтуынша, бұл саяси науқан — ел болашағы мен мемлекеттің даму бағытын айқындайтын маңызды кезең. Сондықтан әрбір азаматтың дауысы қоғам өміріндегі шешімдерге тікелей әсер етеді.

«Бұл — әрбір қазақстандықтың ел дамуына бейжай қарамайтынының, қоғамдағы маңызды өзгерістерге өз үлесін қосқысы келетіндігінің айқын көрінісі. Референдум — біздің ортақ болашағымыз үшін жасалған маңызды таңдау», – дейді қатысушылар.

Айта кетейік, аудандағы барлық учаскелерде дауыс беру процесі бекітілген талаптарға сай, жоғары деңгейде өтуде. Қызметтік міндеттерін атқарумен қатар, саяси құқықтарын пайдаланған мамандар өзгелерге де үлгі көрсетуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button