Басты жаңалықтар

КЕНТАУДА «ҚАЛАНЫҢ МАҚТАНЫШЫ» АТТЫ ФОТОКӨРМЕ ӨТТІ

Референдум күні Кентау қаласындағы №52 дауыс беру учаскесінде қаладан шыққан танымал тұлғалардың фотосуреттерінен «қаланың мақтанышы» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Шара жергілікті азаматтардың жетістіктерін еске түсіріп, патриоттық сезімдерін арттырды, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Еске сала кетсек, бүгін сағат таңғы 07:00-ден бастап Түркістан облысы аумағында 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Облыста 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең. Дауыс беру учаскелері ең көп аудандар: Сайрам – 89, Сарыағаш – 82, Жетісай – 75, Төлеби ауданы – 69, Түркістан қаласы – 65. Республикалық референдумға облыс бойынша жалпы саны 6 380 комиссия мүшелері тартылған. Оның ішінде 1 – облыстық (7 мүше), 17 аумақтық (119 мүше) және 948 учаскелік референдум комиссиялары (6 254 мүше).

Басқа жаңалықтар

Back to top button