Түркістанда автокөліктерге газ құятын заманауи сервистік орталық ашылды

Түркістан қаласындағы транзиттік жолдың бойында заманауи автокөлік компрессорлық газ құю станциясы (АГТКС) пайдалануға берілді. Өңірдің логистикалық әлеуетін арттыратын нысанның ашылу рәсіміне облыс пен қала басшылығы, «Өнеркәсіпті дамыту қорының» өкілдері және инвесторлар қатысты, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Облыс ә
Аталған кешен халықаралық маңызы бар «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автокөлік дәлізі бойында орналасқан. Бұл дәліз Қазақстан аумағындағы негізгі транзиттік бағыттардың бірі болып саналады және Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Орал секілді ірі қалаларды байланыстырады. Енді ірі автобустар мен жүк көліктері осы орталықтан жанармай ала алады.

Сығылған табиғи газды пайдалану дәстүрлі бензин мен дизель отынына қарағанда айтарлықтай үнемді әрі тиімді. Сонымен қатар ол атмосфераға таралатын зиянды заттардың мөлшерін азайтады.
Станцияның жобалық қуаты сағатына 2000-2400 текше метрді құрайды деп жоспарланған. Бұл тәулігіне шамамен 250 автокөлік құралын газбен толтыруға мүмкіндік береді. Жол бойында көлік жүргізушілеріне сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетуге жағдай жасалады.

Түркістандағы жаңа автогаз құю станциясы өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға, халықаралық транзиттік әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестициялық белсенділікті арттыруға және жол бойындағы қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.



