Басты жаңалықтарКүндерек

Наурызды онлайн тамашалаңыз: Қазақстанда Digital Nauryz платформасы іске қосылды

Қазақстанда Наурыз мерекесінің өту барысын енді онлайн режимде бақылауға болады. Ел бойынша мерекелік іс-шаралар туралы ақпаратты біріктіретін Digital Nauryz платформасы жұмысын бастады, деп хабарлайды turkistanlife.kz.

Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ел аумағында өтетін мерекелік іс-шаралар туралы ақпаратты біріктіретін Digital Nauryz онлайн-платформасын іске қосты.

Платформа GOV.KZ мемлекеттік порталы базасында құрылған және 14–23 наурыз аралығында жұмыс істейді. Онда мерекелік іс-шаралардың анонстары, жаңалықтар және тікелей трансляциялар орналастырылады.

Сайтта Қазақстанның барлық облыстары бойынша бөлімдер бар. Пайдаланушылар өз өңіріндегі іс-шаралар туралы ақпарат алып, онлайн-трансляциялар көре алады.

Платформа бірнеше тілде жұмыс істейді және жасанды интеллект негізіндегі автоматты аударма функциясымен жабдықталған. Бұл мерекелік ақпараттың кең аудиторияға қолжетімді болуына мүмкіндік береді.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында Digital Nauryz платформасына өтетін арнайы баннер орналастырылған.

Платформа мен мерекелік іс-шаралар бағдарламасы туралы толық ақпаратты Digital Nauryz сайтынан білуге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button