Басты жаңалықтар

129 мың теңгеге дейін айыппұл: Референдум алдындағы тыныштық күнінде не істеуге болмайды

Қазақстандықтарға жаңа Конституция бойынша референдум алдындағы “тыныштық күніне” қатысты жауапкершілік туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Қазақстанда 14 наурыз күні референдум алдындағы заңмен белгіленген “тыныштық күні” басталады. Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров тыныштық күні кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынғанын атап өтті.

«Үгіт-насихат жүргізуге болмайды. Тыныштық күні – нағыз тыныштық күні. Кез келген үгіт-насихатқа жол жоқ. Егер қандай да бір жерде үгіт-насихат материалдары ілінген болса, олар алынып тасталмайды, бірақ таратуға болмайды», – деді Әбдіров.

Ережені бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған:
•Жеке тұлғалар – 15 АЕК (55 380 теңге)
•Шағын бизнес пен ҚҚ – 20 АЕК (73 840 теңге)
•Орта бизнес – 25 АЕК (92 300 теңге)
•Ірі бизнес – 35 АЕК (129 220 теңге)

Басқа жаңалықтар

Back to top button