Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА 7 МЫҢ АДАМ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында Қазақстан Премьер-лигасының І туры аясында «Ақтөбе» мен «Тобыл» футбол клубтарының кездесуі өтті.

Аталған матч қарсаңында жастардың қатысуымен ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиға – алдағы референдумды қолдауға бағытталған арнайы акция ұйымдастырылды.

Футбол мерекесі жастардың патриоттық флешмобымен басталды. «Жастар VIBE» би тобы орындаған «Рух» атты әсерлі қойылым көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлап, жастардың бірлігі мен елге деген сүйіспеншілігін көрсетті. Сондай-ақ, матч алдында Түркістандық өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынып, патриоттық әндер орындады. Бұл футбол кешінің мазмұнын байытып, көрермендердің рухын көтере түсті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button