Қазақстандағы педагогтердің 81,9%-ы – әйелдер

Оқу-ағарту министрлігі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында білім беру саласындағы әйелдерге қатысты статистикалық мәліметтерді жариялады.
Ведомство дерегінше, еліміздің білім беру жүйесінде 492 938 педагог-әйел еңбек етеді. Бұл – жалпы педагогтер санының 81,9%-ын құрайды.
Министрлік мәліметіне сәйкес, педагог-әйелдердің басым бөлігі орта білім беру ұйымдарында жұмыс істейді. Атап айтқанда:
• 101 789 – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында;
• 342 352 – орта білім беру ұйымдарында;
• 2 382 – түзету-білім беру ұйымдарында;
• 13 239 – қосымша білім беру ұйымдарында;
• 29 117 – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында;
• 4 059 – арнайы білім беру ұйымдарында қызмет атқарады.
Мамандардың айтуынша, әйелдер білім беру саласының негізгі қозғаушы күші саналады. Олар жас ұрпақтың білім алып, тәрбиелі болып қалыптасуына үлкен үлес қосып келеді.


