Басты жаңалықтарКүндерек
Автокөлікті онлайн тіркеу қызметі іске қосылды

Қазақстандықтар автокөлікті енді eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы 2 сағат ішінде тіркей алады. Қызмет қазір ел бойынша 100-ден астам ірі дилерлік орталықта қолжетімді, деп хабарлайды turkistanlife.kz
Ұлттық ақпараттық технологиялар мәліметінше, автосалондар тізімі кезең-кезеңімен кеңейтіледі.
Тіркеу үшін сатып алушы автосалонда көлікті таңдап, сатып алу-сату шартын рәсімдейді. Қалған процесс онлайн өтеді: азамат жеке кабинетінде деректерді тексеріп, мемлекеттік нөмірді таңдап, өтінімді растайды. Дайын құжаттар мен нөмір мамандандырылған ХҚКО-да беріледі.
Сондай-ақ меншік иесі өзгермеген жағдайда техникалық паспорт пен мемлекеттік нөмірді ауыстыру қызметі де онлайн форматта, бір сағат ішінде көрсетіледі.



