Басты жаңалықтар

Түркістан облысында 15 жасар қыздың асқазанынан 1 келі шаш шықты

Түркістан қалалық балалар ауруханасында медициналық тәжірибеде сирек кездесетін күрделі ота сәтті өтті. Хирургтер шұғыл түрде түскен жасөспірімнің асқазанынан салмағы 900 грамм болатын шаш түйінін алып, науқастың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Ота екі сағат елу минутқа созылды. Хирургиялық бригада, анестезиологтар және орта медицина қызметкерлері бірлесе жұмыс істеп, отаны сәтті аяқтады. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар медицинада өте сирек кездеседі және дер кезінде көмек көрсетілмеген жағдайда ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін.

Бұл жағдай түркістандық медицина мамандарының кәсіби біліктілігі мен жоғары жауапкершілігін тағы бір рет дәлелдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button