Басты жаңалықтар

Президент Қытайдың ірі корпорациясы Sunwah Group басшысын қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Sunwah Group корпорациясының төрағасы әрі Гонконгтағы Қытай бас сауда палатасының жетекшісі Цай Гуаньшэньді қабылдады, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Кездесуде Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтудың маңызды бағыттары қаралды. Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің сауда-экономикалық байланыстарының қарқынына жоғары баға беріп, бүгінде Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі саналатынын, тауар айналымы жыл сайын рекордтық межені бағындырып отырғанын айтты.

Әңгімелесу барысында инвестициялық ықпалдастыққа баса мән берілді. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан шетелден инвестиция тартуға жағдай жасап, бірлескен стратегиялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетеді.

Президент әлем жасанды интеллектінің белсенді даму кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Бұл бағытта Қытай көш бастап тұр. Мемлекет басшысы Қытай тарапымен аталған салада ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button