Главные новости

Әкімдер автобусқа мінді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты сала басшыларымен бірге шаһарда жаңадан іске қосылған «Red Bus Turkistan» экскурсиялық автобусына мініп, қаланың туристік әлеуетін тексерді.

Өңір басшысы автобус ішіндегі сервистік қызметтің сапасына, аудиогид жүйесінің жұмысына және туристерге жасалған жағдайға ерекше назар аударды. Сапар барысында әкімдер қаланың басты тарихи-мәдени нысандарын қамтитын маршрутпен жүріп өтті.

Автобус ішінде жауапты басшылармен бірге туристік инфрақұрылымды одан әрі жетілдіру және сервисті халықаралық деңгейге көтеру жоспарлары талқыланды.

Айта кетейік, жаңадан іске қосылған екі қабатты «Red Bus Turkistan» автобусы тұрғындар мен қонақтарға қаланың көрікті жерлерін аралап, аудиогид арқылы көне шаһардың тарихы мен мәдениеті туралы мәлімет алуға жағдай жасайды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button