Түркістан: Сауран ауданында жаңару күнінде 300-ге жуық шырша егілді

Наурызнама онкүндігі аясында 19 наурыз – Жаңару күніне орай Түркістан облысы Сауран ауданына қарасты Шорнақ ауылында көгалдандыру және абаттандыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп, 300-ге жуық шырша көшеті отырғызылды, деп хабарлайды turkistanlife.kz
Аталған іс-шара барысында жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 300-ге тарта шырша көшеттері отырғызылды. Игі бастамаға ауыл тұрғындары белсенді қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.

Нәтижесінде Ж.Шайахметов, А.Құнанбаев және Қ.Жиеналиев көшелерінің аумағы жасыл желекпен толықтырылып, елді мекеннің көркі айтарлықтай жақсарды.

Жаңару күні аясында ұйымдастырылған бұл шара қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көркейту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасын табатын болады.



