Басты жаңалықтар

Жетісайда жаңару күніне орай 5 мың түп көшет егілді

19 наурыз – Жаңару күні аясында Жетісай ауданында кең көлемді көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, 5 мың түп көшет отырғызылды. Бұл игі шара табиғатты қорғау мен өңірді жасыл желекке айналдыруды көздейді, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Биыл да наурызнаманың онкүндігі аясында ұйымдастырылған «Жаңару күні» шарасында қала, кент және барлық ауылдық округтердің көшелерінде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, жасыл белдеуді қалыптастыру мақсатында 5 мыңға жуық түрлі ағаш көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар, көлік қозғалысына кедергі келтіретін ағаштар бұталды.

Шараға аудан басшысы Серік Мамытов арнайы қатысып, Асықата кентіндегі қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан «Тәуелсіздік» саябағына көшет екті.

Айта кетейік, өткен жылы аудан тұрғындары жиі баратын демалыс орындары мен скверлерге, парктер мен аллеяларға 27 мың түп туя, сән ағаштары, бөртегүл, шынар, қарағаш, қарағай, каштан мен бадам секілді көшеттер отырғызылса, биылғы жылдың соңына дейін 30 мыңға жуық көшет егіледі деп жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button