Сарыағашта 200 шақырымнан астам су арнасы тазаланады

Егістік алқаптарды ағын сумен іркіліссіз қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағындағы су арналары мен қашыртқыларды тазалаудың кешенді жоспары жүзеге асырылуда, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Өңір басшысы Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округіндегі «Қожахан» каналының бойында атқарылып жатқан механикалық тазалау жұмыстарының барысын арнайы барып тексерді.

Айта кетсек, биыл ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Қожахан» каналының 16,8 шақырымы, ал «Абыз» каналының 2,1 шақырымы толықтай механикалық тазалаудан өтті. «Қожахан» каналы «ЗАХ» магистральды каналынан бастау алып, Жібек жолы, Қабланбек ауылдық округтері арқылы өтіп, Қызылжар ауылдық округіне дейін созылады. Су арнасының жалпы ұзындығы — 18 шақырым. 2025 жылы жалпы ұзындығы 132 шақырым су арналары механикалық тазалаудан өткен. Ал, 2026 жылы 231 шақырым су арнасын тазалау жоспарланып отыр.



