АқордаБасты жаңалықтар

Мемлекет басшысы жаңа Конституцияны іске асыру жөнінде жұмыс кеңесін өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде биылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Ата заңның ережелерін іс жүзіне асыру шаралары талқыланды, деп хабаралайды turkistanlife.kz

Жиын барысында Мемлекет басшысы «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді.

Кеңеске Парламент палаталарының төрағалары, Премьер-министр, Мемлекеттік кеңесші, Президент Әкімшілігінің басшысы және құзырлы министрлік өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе — ел заңнамасын жаңартылған Конституция нормаларына сәйкестендіру.

Президенттің тапсырмасы бойынша алдағы уақытта құқықтық салада келесідей ауқымды жұмыстар атқарылмақ:

6 конституциялық заңды қабылдау;

Өзге заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 3 заң жобасын әзірлеу;

Мемлекет басшысы заң жобаларын дайындаудың сапасы мен мерзіміне ерекше тоқталды. Конституцияның күшіне ену уақытын негізге ала отырып, барлық негізгі құжаттар Парламенттің ағымдағы сессиясы аяқталғанға дейін қабылдануы тиіс.

«Алда заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің ережелерін жаңа Конституцияға сәйкестендіру бойынша ауқымды жұмыс тұр. Заңдарды сапалы әрі уақтылы әзірлеп, қабылдау қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кеңес қорытындысы бойынша Үкіметке заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді жедел түрде түзеу және жүйелеу тапсырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button