Басты жаңалықтар

Түркістанда туған күні мен референдум қатар келген студент ару дауыс берді

Түркістан қаласында бүгін 18 жасқа толған Әділхан Ақниет Омарқызы өзінің алғашқы азаматтық таңдауын жасады. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 1-курс студенті маңызды саяси науқанға қатысу үшін №133 референдум учаскесіне келді, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Бойжеткен үшін бұл күн екі есе мерекеге айналды. Кәмелеттік жасқа толған сәтте еліміздің болашағын айқындайтын референдумға қатысу — ол үшін үлкен жауапкершілік пен тарихи сәт.

«Бүгін мен үшін ерекше күн. Туған күніммен қатар еліміз үшін маңызды тарихи сәт келді. Мен өз таңдауымды жасадым. Бұл менің азамат ретіндегі алғашқы маңызды қадамым», — деді Ақниет Әділхан.

Учаскелік комиссия мүшелері алғаш рет дауыс берген студентке естелік сыйлықтар табыстап, туған күнімен құттықтады.

Айта кетейік, Түркістан облысында бүгін 135 азамат дәл референдум күні 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс беру құқығына ие болып отыр. Жастардың мұндай белсенділігі өңірдегі саяси мәдениеттің жоғары екенін көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button