АқордаБасты жаңалықтар

«Жаңа Конституция жобасының мәтінін жазуға тікелей атсалыстым» — Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасының мәтінін әзірлеуге тікелей қатысқанын айтты. Мемлекет басшысы құжаттың әр тарауы мен әр бабына ерекше мән беріп, Конституциялық комиссияға өз ұсыныстарын жолдағанын жеткізді, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Президенттің айтуынша, жаңа Ата заң жобасын әзірлеу барысында терминдер мен сөздерді қазақы ұғымға барынша жақын етіп беру мәселесіне де айрықша назар аударылған.

– «Мысалы, қазіргі Ата заңымызда “Қазақстан аумағының тұтастығы” деген ұғым бар. Негізі, бұл “жердің тұтастығы” болуы керек еді. Себебі, жер – қазақ үшін ең қастерлі ұғымның бірі», – деді Президент.

Сонымен қатар, ол халықаралық деңгейде орныққан термин болғандықтан, Конституциялық комиссия мүшелерінің басым бөлігі «аумақтық тұтастық» ұғымын өзгеріссіз қалдыруды қолдағанын атап өтті.

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасын әзірлеу кезінде әрбір норма мен бапқа қатысты қызу пікірталас болғанын айтты. Сондай-ақ азаматтардан мыңдаған ұсыныс түсіп, олардың барлығы мұқият зерделенген.

Президенттің сөзінше, референдумға ұсынылып отырған жаңа Ата заң жобасы жан-жақты талқыланып, кең қоғамдық пікірден өткен. Сондықтан оны нағыз Халық Конституциясы деуге толық негіз бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button