Басты жаңалықтар

Әкімшілік кодекске өзгеріс: камера арқылы айыппұл салу мүмкіндігі артты

12 наурыздан бастап Қазақстанда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді. Енді бейнебақылау камералары жолдағы және қоғамдық орындардағы бірқатар тәртіп бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеп, айыппұл салу процесін жеделдетеді , деп хабарлайды turkistanlife.kz

Жаңа талаптарға сәйкес, бұған дейін камералар тек жылдамдықты асыру, бағдаршам талаптарын бұзу немесе жол сызықтарын сақтамау сияқты құқық бұзушылықтарды ғана тіркейтін. Енді олардың мүмкіндігі кеңейіп, басқа да тәртіп бұзушылықтарды автоматты түрде анықтай алады.

Атап айтқанда, жүргізушілер көлік тізгінінде отырып ұялы телефон қолданса, қауіпсіздік белдігін тақпаса, техникалық байқау мерзімі өтіп кетсе немесе сақтандыру полисі болмаса, айыппұл салынуы мүмкін.

Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер мен тұрғындарға қатысты жауапкершілік те күшейтілді. Көшеге қоқыс немесе темекі тұқылын тастау, темекіні тыйым салынған жерде шегу, жолды белгіленбеген жерден кесіп өту сияқты әрекеттер де тіркеліп, заң аясында шара қолданылады.

Сондай-ақ алкоголь өнімдерін заңда белгіленген уақыттан тыс сату фактілері де бақылауға алынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button