Басты жаңалықтар
Түркістанда референдум күні қоғамдық көлік тегін болады

15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға орай Түркістан облысының бірнеше қаласында қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді, деп хабарлайды turkistanlife.kz
Аталған шара Түркістан, Кентау, Шардара, Сарыағаш және Арыс қалаларында ұйымдастырылады. Бастаманың негізгі мақсаты – тұрғындардың маңызды саяси науқанға қатысуына қолайлы жағдай жасап, дауыс беру учаскелеріне кедергісіз жетуіне мүмкіндік беру.
Референдум күні қала тұрғындары мен қонақтары барлық автобус бағыттарын ақысыз пайдалана алады. Бұл шешім сайлаушылардың белсенділігін арттыруға және қоғамдық көлікті қолжетімді етуге бағытталған.
Айта кетейік, референдум күні өңірдегі дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.


