Әлем тынысыБасты жаңалықтар
АҚШ-та соңғы 50 жылда алғашқы мұнай өңдеу зауыты салынады

АҚШ-та 50 жылдан кейін алғашқы жаңа мұнай өңдеу зауыты салынады. Жобаны Техас штатының Браунсвилл қаласындағы America First Refining компаниясы жүзеге асырады. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде хабарлады.
Жобаның инвестициясы шамамен 300 миллиард долларды құрайды. Жаңа зауытқа үндістандық серіктестер, соның ішінде ірі жеке энергетикалық компания Reliance қатысады.
Трамптың айтуынша, зауыт АҚШ нарығын мұнай өнімдерімен қамтамасыз етеді, ұлттық қауіпсіздікті күшейтеді және Оңтүстік Техасқа экономикалық пайда әкеледі.



